
2025 жылғы 30 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Абай Мырзахметов атындағы университет студентеріне «Заңды тұлғаларды тіркеу» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында қатысушыларға «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ олар қойған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі