Құқықтық көмек көрсетілді

Құқықтық көмек көрсетілді

2025 жылғы 14 қазанда қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Ақмола облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасымен бірлесе отырып, «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ» Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінің «кеңес беру алаңында» адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушысының қатысуымен азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

Қабылдау барысында азаматтарға банк шоттарына тыйым салу және оны алу, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікке салынатын салықтар және басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді.

Департамент өкілі азаматтарға цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат берді, сондай-ақ білікті заң көмегін, оның ішінде кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі мен мүмкіндіктерін түсіндірді.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі