Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу

Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу

Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Коммерциялық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады, ал коммерциялық емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін – аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

          Филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу тәртібі коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін бріңғай белгіленеді.

Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін уәкілетті органға белгіленген нысандағы өтініш беріледі, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен үлгі бойынша рәсімделеді. Өтінішке заңды тұлғаның басшысы немесе оның уәкілетті тұлғасы қол қояды.

          Егер өтініш электрондық түрде берілсе, ол қол қоюды талап етпейді. Өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі (саяси партиялар мен діни бірлестіктерден басқа).

          Өтінішке заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым болып табылатын филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат немесе заңды тұлға коммерциялық ұйым болған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.

         Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктері үшін қосымша филиал немесе өкілдік туралы ереже екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) дайындалып, заңды тұлғаның басшысы қол қойған, бекітілген болуы тиіс. Сондай-ақ, заңды тұлғаның жарғысы (ереже) және филиал немесе өкілдікті басқару жөніндегі сенімхат (қоғамдық және діни бірлестіктерден басқа) тіркеледі.

        Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында филиал немесе өкілдік тіркеу үшін сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының заңдастырылған көшірмелері ұсынылуы тиіс.

        Шетелдік заңды тұлғаның құжаты, ол шетелдік заңды тұлғаның филиал немесе өкілдік құратын заңды тұлға болып табылатынын растайды, сондай-ақ шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шетелдік заңды тұлғаның тіркелгенін және салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның баламасын) көрсететін құжат ұсынылады.

        Филиал немесе өкілдік құратын шетелдік заңды тұлғаның құжаттары нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

        Филиал немесе өкілдік мемлекеттік кәсіпорын болып табылған жағдайда, қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің немесе уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік мүлікке иелік ету жөніндегі келісімі ұсынылады.

       Акционерлік қоғамның филиалы немесе өкілдігі үшін қосымша құжаттар ретінде заңды тұлға бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде филиал немесе өкілдік туралы ережесі, жарғының (ереженің) көшірмелерісі және филиал немесе өкілдіктің басшысына берілген заңды тұлғаның сенімхатты ұсынылады.

        Есептік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың бірі филиал немесе өкілдік туралы ереже болып табылады. Мұндай ережеде не қамтылуы керек?

        Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, филиал немесе өкілдік туралы ереже келесі мәліметтерді қамтуы тиіс: атауы, орналасқан жері, қызметінің мәні, басқару тәртібі, филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттігі, сондай-ақ филиал немесе өкілдік құратын заңды тұлға туралы деректер.

        Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мерзімдері қандай?

        Егер өтініш "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілсе,                                                     акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері электрондық өтініш берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде тіркеледі.

       Шетелдік қатысуы бар коммерциялық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімі туралы" Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

       Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ қызметін үлгі болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Ақмола облысы

Әділет Департаментінің

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің

бас маманы                                                                                                         С.Жуварова