Құрметті азаматтар!
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгерлік көмек көрсету және Әділет департаментінің қызметі туралы ақпарат беру мақсатында, 2025 жылғы 15 қазанда сағат 15:30-да Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Абылайхан көшесі, 36 үй, Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Әубакір Тілеген Еракұлының тұрғындармен кездесуі өтеді.
Іс-шараға әкімдік өкілдері, адвокат, нотариус, заң кеңесшісі және жеке сот орындаушысы қатысады.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтеді.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық пошта арқылы жолдауға болады: d.ibraeva@adilet.gov.kz, t.aubakir@adilet.gov.kz, сондай-ақ Ақмола облысы Әділет департаментінің телефон нөмірлері бойынша: 8 (7162) 25-00-18, 8 701 536 5903, 8707 241 11 54.