Ақмола облысының Әділет департаментінде семинар – кеңес өтті.

Ақмола облысының Әділет департаментінде семинар – кеңес өтті.

Ақмола облысының Әділет департаментінде басшының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл М.Едрисовтың төрағалығымен семинар – кеңес өтті. іс-шара барысында Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі мәселелері қаралды.

         Іс-шарада әкімшілік бөлімінің басшысы Д.Ибраева сөз сөйледі, ол кадрлық мәселелерді, ақпараттық және өрт қауіпсіздігі мәселелерін қозғады, қатысушыларды мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың жаңа әдістемесімен таныстырды және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті.