2025 жылдың 18 қыркүйегінде Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты.
Ерікті донорлық денсаулықты сақтауға және адамдардың өмірін сақтауға маңызды үлес болып табылады. Мұндай акцияларға қатысу қоғамда өзара көмек пен мейірімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.