«Әділет кеңес береді»  акциясы

«Әділет кеңес береді»  акциясы

 2025 жылғы 15 қыркүйекте қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша Концепциясы шеңберінде Ақмола облысының Әділет департаменті «AMANAT» партиясының өкілдерімен бірлесіп  жеке сот орындаушы мен нотариустың, адвокаттың қатысуымен «Әділет кеңес береді»  акциясы "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" АҚ-нда өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – жүгінген азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Кездесу барысында азаматтарға алимент өндіру, мүлікті жекешелендіру, банк қырыздарын өтеу, зейнетақы төлемдері мен басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді.

Департамент өкілімен жүгінген азаматтарға тауар белгілерін қорғау сондай-ақ, цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріп, кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу бойынша ақпарат ұсынылды.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі