Ақмола облысы Әділет департаменті «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Ақмола облысы Әділет департаменті  «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

2025 жылдың 28 тамызында Ақмола облысы Әділет департаменті Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция жұмысына  сот және прокуратура өкілдері, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының  адвокаттары, Ш. Уәлиханов және А. Мырзахметов университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен  студенттері қатысты.

Іс – шара еліміздің Негізгі Заңының 30 жылдығына арналған және мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және заң қоғамының өкілдерін біріктірді.

Конференция барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заманауи сын-қатерлер, Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы және демократиялық институттарды нығайтудағы рөлі талқыланды.          

Сондай-ақ, Конституциялық нормаларды іс жүзінде қолдану, заңнамалық базаны жетілдіру және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепілі болып табылатынын, ал оның ережелері мемлекеттің тұрақты дамуы үшін іргетас болып табылатынын атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, ғылыми білім мен практикалық дағдыларды тереңдетуге, сондай-ақ әділет органдары, адвокаттар қауымдастығы мен ғылыми топтар арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.