Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

2025 жылғы 04 шілдеде қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Әділет Департаментімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қаласы бойынша  халыққа қызмет көрсету бөлімінің «кеңес беру алаңында» адвокаттардың, жеке сот орындаушы мен нотариустың, сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

Қабылдау барысында банк шоттарына тиым салу және оны шешу, жеке куәлігін ауыстыру, жылжымайтын мүлікке салынатын салықтар бойынша және басқа да құқықтық көмек көрсетілді.

Департамент өкілі Азаматтарға цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін көрсету мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізді, сондай-ақ білікті заң көмегін, оның ішінде кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі мен мүмкіндіктерін түсіндірді.

 

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі