2025 жылғы 16-30.06.Ақмола облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Көкшетау қаласының сауда алаңдарының кәсіпкерлерімен дәрістер (оның ішінде консультациялар) өткізді.
Мамандар Әділет департаментінің зияткерлік меншік саласындағы функцияларын, зияткерлік меншік негіздерін, тауар белгісін, тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті түсіндірді.
Сондай-ақ, сауда алаңдарының кәсіпкерлеріне зияткерлік меншік саласындағы жадынамалар түріндегі брошюралар табыс етілді .