2025 жылғы 05 маусымда қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаменті облыстық «AMANAT» партиясымен бірлесіп, Ақмола облысы адвокаттар алқасы мен аумақтық нотариалдық платасы және сот орындаушылар палатасы өкілдерінің қатысуымен «Новопэк» ЖШС -да азаматтарды қабылдау өткізді.
Аталған шараның мақсаты – жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Қабылдау барысында азаматтарға банктердің шоттарынан тыйым салуды алып тастау, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті бөлу және мұрагерлікті, мүлік үлесін иеліктен шығаруды ресімдеуге қатысты, сондай – ақ зейнетақы төлемдері мәселелері бойынша және басқа да құқықтық сұрақтарға жауап берілді.
Сондай-ақ, білікті заң көмегін алу, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін және кешенді әлеуметтік заң көмегін алудың тәртібі мен мүкіндіктері сондай-ақ, «Әділет» порталында (adilet.zan.kz) ЖИ-цифрлық көмекші (чат-бот) бойынша ақпарат ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі