Ақмола облысының Әділет департаментінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Ақмола облысының Әділет департаментінде  «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Ақмола облысының Әділет департаментінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Ашық есік күні – әрбір студент үшін болашақ мамандыққа қол жеткізу, оның қоғам үшін маңыздылығы мен мәнін сезіну мүмкіндігі.
Акция барысында студенттер үшін департамент ғимаратын таныстыру экскурсиясы өткізілді, онда студенттер әділет органдарының негізгі функцияларымен танысты.
Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын көрсету және жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру.


Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі