Ақмола облысының Әділет департаментінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Жаров Ержан Қайырұлының қатысуымен семинар өтті.
Кездесу барысында 2025 жылы академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Департамент басшысының орынбасары М.Едрисов қызметкерлерге президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысу тәртібін түсіндірді.
Қатысушылар мансаптық өсу және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды.