Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл департамент қызметкерлеріне семинар өткізді.

Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл  департамент қызметкерлеріне семинар өткізді.
2025 жылғы 28 мамырда Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл М.О. Едрисов департамент қызметкерлеріне семинар өткізді.
Күн тәртібінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, еңбек тәртібі, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері болды. Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормаларын қатаң сақтау, өтініштерді заңнамаға сәйкес сапалы және уақтылы қарау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ, Ақмола облысы Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Д.М.Ибраева мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауының маңыздылығын еске салды.
Осындай іс-шараларды өткізу Департаменттің кәсіби мәдениетін нығайтуға және жұмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.