
2025 жылғы 27-28 мамырда Ақмола облысының Әділет департаменті нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғалары үшін аттестаттау өткізді.
Аттестаттау аяқталғаннан кейін, Көкшетау қаласының жеке нотариусының
қатысуымен аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалардың қатысуымен қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында лауазымды тұлғалар нотариаттық іс-әрекеттер жасау барысында кездесетін бірқаратар мәселелер бойынша сұрақтар қойып, түсініктемелер алды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі