2025 жылғы 22 мамырда «Заң және тәртіп» идеологиясы шенберінде Ақмола облысы Әділет Департаменті Көкшетау қалалық полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметімен, бірлесіп, жеке сот орындаушы, нотариустың және адвокаттың қатысуымен Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, дағдарыс орталығында өмір сүріп жатқан тұлғаларға әкелікті тану, алимент өндіру бойынша, адрестік-әлеуметтік көмек алуға құжаттарды әзірлеу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді.
Көкшетау қалалық полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы дағдарыс орнында тұратын және өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдермен әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар, Департаменттің өкілімен мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін және кешенді әлеуметтік заң көмегін алу мүмкіндігі бойынша ақпарат ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі