Меню

Страницы

Статья

Ел егемендігі мен біртұтастығының белгісі

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытудың әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың таусылмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Ел еңсесін көтеріп, рух қайнарын тасытар рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері болып табылады. Мемлекеттік рәміздердің белгілі бір мағына беретін үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман - мұраты, өзін - өзі түйсінуі көрініс табады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан, мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы
4 маусымда ресми түрде бекітіліп, 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Осыған орай, 4 маусым Елімізде мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Рәміздеріміздің түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе Конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез - келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Аспан түстес байрағымыздың, елтаңбамыз бен гимні әрбір элементінде елбасының, сондай-ақ, осы іске атсалысқан әрбір азаматтың Отанға деген махаббаты мен арман-мұраты жатыр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес болып келеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "QAZAQSTAN" деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялыағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.

Конситуциялық Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі белгіленген.
Елімізде Мемлекеттік рәміздер күніне орай, барлық мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардардың балкондары мен аулаларына мемлекеттік тулар ілініп, гимні шырқалады. Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мен өскелең ұрпақтың патриоттық санасын жаңғырту мақсатында аудан, қала көшелерінде ту мен елтаңбаны көтерген автокөлік шерулер акциялары мен рәміздердің шығу тарихы мен бейнелерін кеңінен насихаттауға бағытталған, сондай-ақ, Мемлекеттік ту бейнеленген түрлі көрнекі үгіт құралдарын тарату сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру жұмыстары тек мемлекеттік деңгейде қалып қоймай, мұндай игі істер жалпыхалықтық мәртебені және жауапкершілікті талап етеді. Жалпы, тәуелсіз Қазақстан рәміздеріне мақтаныш сезімдерін қалыптастыру әр отбасынан бастау алғаны жөн. Мектептерде, балалар бақшасында осыған қатысты тиімді шаралар ұйымдастырылуы да назардан қалмауы қажет.
Сонымен қатар, Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiлуі де осы Заңмен бекітілген.

Осы Конституциялық заңның 13 бабына сәйкес, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ Республика аумағындағы жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндеттелген.

Мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық та осы аталған заңмен көзделген.

Жас ұрпақты өз Отаны- Қазақстан республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ, олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оқыту жалпы орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізілген.


Ақмола облысы
Әділет департаментінің басшысы
Баукен Серікұлы Әлмеш

Дата публикации
03 июня 2024
Дата обновления
03 июня 2024
Тип

Сейчас читают

24 июня 2025
«Как стать изобретателем и получить патент на изобретение».
24 июня 2025
Наименование статьи: Авторские и смежные права в Республики Казахстан.
Информация
20 июня 2025
Государственные услуги, оказываемые органами юстиции в сфере адвокатской деятельности и нотариальной деятельности

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации