25 сәуірде Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімініңбасшысы Гульжан Сабалакова, бас маманы Данна Муратова «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ филиалының Абай облысы бойынша АХАТ бөлімдерінің қызметкерлеріне азаматтық хал актілерін қалпына келтіру мәселелері бойынша; Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенциялар мәселелері бойынша, сонымен қатар азаматтық хал актілерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Конвенция бойынша азаматтық хал актілерін талап ету бойынша сұраныс хаттарын рәсімдеу тәртібі бойынша, азаматтық хал актілерін қалпына келтіру және апостиль қоюға арналған құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Семинардың мақсаты: қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, сапаны арттыру, мерзімдерін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету саласында негізсіз бас тартуға жол бермеу.
Семинар қорытындысы бойынша тұрақты негізде түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.