Жанасемей ауданының Достық ауылдық округінің Шақаман ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіді

Жанасемей ауданының Достық ауылдық округінің Шақаман ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіді

2025 жылғы 17 сәуірде Абай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Жанасемей ауданының Достық ауылдық округінің Шақаман ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жергілікті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
Кездесуге Департамент қызметкерлері, Абай облыстық нотариаттық палатасының нотариусы және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы қатысты.
Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Жанболат Самашев азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарын тыңдады. Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толыққанды жауаптар берілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтық, қарыз алу және қайтару мәселелері, сондай-ақ халықты толғандыратын басқа да құқықтық сұрақтар қозғалды.