2025 жылғы 14 сәуірінде Абай облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта семинар өтті. Шараға Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинардың басты тақырыбы — «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеуге жолдау».
Іс-шараның негізгі мақсаты — нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен рәсімдеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, құқықтық құжаттармен жұмыс істеу процесін жетілдіру және оңтайландыру болды.
Семинар барысында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу, сондай-ақ мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері де кеңінен қарастырылды.
Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды ақпараттар ұсынылды.