2025 жылдың 5 cәуірінде жалпыөңірлік «Таза Қазақстан» акциясындағы сенбілікке Абай облысы Әділет департаментінің ұжымы белсене қатысты.
Аталған акция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.
Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.