IT және Жаңа технологиялар Жоғары Колледжі» студенттерімен азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы бойынша семинар өткізілді

IT және Жаңа технологиялар Жоғары Колледжі» студенттерімен азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы бойынша семинар өткізілді

2025 ж. 28 наурызында Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Семей қаласының АХАТ бөлімінің басшысы Райгуль Конганбаеваның қатысуымен Абай облысының білім басқармасының Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорны» «IT және Жаңа технологиялар Жоғары Колледжі» студенттерімен азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы бойынша семинар өткізілді.

Студенттерге азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының құрылған тарихы және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы жаңалықтар, азаматтық хал актілерінің түрлері туралы ақпарат берілді.

Семинар барысында КМҚК «IT және Жаңа технологиялар Жоғары Колледжі» студенттері АХАТ саласында өзекті сұрақтарын қойды.
Өткізілген семинар қорытындысы бойынша колледж өкілдері жемісті нәтижелі өткізілген семинар үшін алғыстарын білдірді.