
Ағымдағы жылдың 18 наурызында Абай облысының Әділет департаменті, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде “Әділет кеңес береді” акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында азаматтар жылжымайтын мүлікті, мұраны ресімдеуге, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға байланысты сұрақтар қойды.