"Заң және тәртіп" қағидаларын ілгерілету шеңберінде азаматтарды қабылдау өткізілді

"Заң және тәртіп" қағидаларын ілгерілету шеңберінде азаматтарды қабылдау өткізілді

«Заң және тәртіп» #заңжәнетәртіп қағидатын қалыптастыру біздің елімізде маңызды рөл атқарады.
Бұл барлық адамдар үшін маңызды қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, барлық азаматтар үшін маңызды міндет. Заңды түсіндіру әділет органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында ағымдағы жылдың 28 қарашасында Департамент басшысының орынбасары Жанболат Самашев, қалалық мәслихат депутаты Шолпан Молдағалиева және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Өтініш білдірген азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңгерлік кеңес берілді.