7 мауысымда Абай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайына барды.
Мұражай – қазақ тарихындағы Алаш қозғалысының қилы кезеңдерін, М.Әуезовтың Алаш зиялыларымен байланысын, қарым-қатынасын көрсетуді мақсат еткен.
Алаш орда өкіметінің атқарған жұмыстары, баспа бетінде жарық көрген материалдары мен фотосуреттер, сол кезде шыға бастаған басылымдар мен архивтерден алынған деректер жиналған.