“Аналар Үйі” ресурстық орталығында “Әділет кеңес береді”акциясы өткізілді

“Аналар Үйі” ресурстық орталығында “Әділет кеңес береді”акциясы өткізілді

24 сәуірде Абай облысының Әділет департаменті “Аналар Үйі” Ресурстық орталығында “Әділет кеңес береді”акциясын өткізді. Акцияға Абай облысының Нотариаттық палатасының, адвокаттар алқасының, заң консультанттары палатасының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
Негізгі міндет-халық арасында құқықтық көмек көрсету және консультативтік жұмыс жүргізу. Тұрғындарға заң көмегін көрсету және оларды қызықтыратын нақты мәселелер бойынша кеңес беру Абай облысы Әділет департаменті қызметінің маңызды бағыты болып табылады.
Іс-шара барысында азаматтарға “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заңның 26-бабының нормалары туралы егжей-тегжейлі баяндалды, онда Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың санаты туралы айтылады. Мамандарға алимент өндіруге, әке болуды анықтауға және АӘК алуға қатысты сұрақтар қойылды. Барлық өтініш білдірген азаматтар қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық сұрақтарына жауап алды.