Су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының назарына!

Су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының назарына!

Егер Сіз су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттен материалдық көмек алушы болсаңыз және атқарушылық құжаттар бойынша берешегіңіз болса және/немесе шотыңызға тыйым салынса, бұл туралы ісіңізді жүргізетін сот орындаушысына дереу хабарлауыңыз қажет. Сіздің өтінішіңізді растайтын құжаттарды алған соң, сот орындаушысы мемлекеттен қаржылай көмек алынатын шоттың бұғатын шешеді.