Жаңасемей ауданы, Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесу өткізілді

Жаңасемей ауданы, Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесу өткізілді

18 сәуірде Абай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Жаңасемей ауданы, Ертіс ауылдық округі тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесу өткізді.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты азаматтардың әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде кездесетін проблемаларын білу, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылау болып табылады. Мамандар сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, адвокаттық және нотариаттық қызметке қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар етті. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі, атап айтқанда тегін заң көмегіне кепілдік беретін адамдар тобын кеңейту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқтала отырып.

Іс-шараға сондай-ақ Абай облысының адвокаттар алқасының адвокаты, Абай облысының Нотариаттық палатасының нотариусы, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы және заң консультанттары палатасының заң консультанты қатысты.

Өз сапары аясында мамандар азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық түсіндіру мәселелерін тыңдады. Әр азамат заңгерлік кеңес алды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.