"Alikhan Bokeikhan University" студенттеріне дәріс өткізілді

"Alikhan Bokeikhan University" студенттеріне дәріс өткізілді

16 сәуірде Абай облысы Әділет департментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң көмегін көрсету бөлімінің бас маманы Мақсат Исаханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын және Мемлекеттік қызметке қалай түсу керектігін түсіндіру мақсатында «Alikhan Bokeihan University» білім алушыларына дәріс оқыды.
Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарының ережелері және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне тап болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін білді.