Ақсуат, Ойшық және Құмкөл ауылдары тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен кездесу

Ақсуат, Ойшық және Құмкөл ауылдары тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен кездесу

22 қыркүйекте Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат, Ойшық және Құмкөл ауылдары тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – азаматтардың әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде кездесетін проблемаларын біліп, олардың шешу жолдарын талқылау. Іс-шараға адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң кеңесшісі де қатысты.

Халықпен кездесу барысында басшының орынбасары әділет органдарының қызметі туралы, сондай-ақ сот актілерін орындауға, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүзеге асыруға, адвокаттық және нотариаттық қызметке қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы айтып берді.
Бейсембек Қанайбекұлы заң көмегін көрсету саласындағы инновациялар туралы, атап айтқанда тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейту туралы хабардар етті.

Осылайша, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заң көмегіне жүгіне алатындығы жайлы қатысушылар назарына жеткізді.

Қорытындылай келе, облыстың әділет департаменті басшысының орынбасары Абай Әділет министрлігінде Әділет министрлігінде WhatsАpp, телеграмм бот және басқа да қызметтер арқылы тәулік бойы құқықтық ақпарат беру бойынша тегін анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсететін құқықтық ақпараттық қызмет жұмыс істейтінін атап өтті.

Азаматтар өз өтініштерін «электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-Өтніш» ақпараттық жүйесімен электрондық құжат арқылы, сонымен бірге Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 26а мекенжайы бойынша Әділет департаментінің ғимаратына поштамен немесе қолма-қол қағаз жеткізгіште жіберу мүмкіндігі бар.
Өз сапары аясында басшының орынбасары азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардан тұрғын үйді алу тәртібі, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды ресімдеу, сот актілерін орындау және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар келіп түсті.

Абай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі