Мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізу

Мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізу

01 тамызда Абай облысының Әділет Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізді. Сауалнама Этикалық кодексті сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мәселелеріне арналды. Сауалнамада мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау бойынша 14 сұрақ болды.
04 тамызда Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанболат Самашев Департамент бөлімдерінің басшыларымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Анонимді сауалнаманы бағалау қорытындысы бойынша жиналғандармен түсіндірме әңгіме жүргізілді, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Абай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі