Семей қаласының "Радио 7" радиохабар тарату компаниясындағы семинар

Семей қаласының "Радио 7" радиохабар тарату компаниясындағы семинар

26 шілдеде Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы  Ақсұңқар Махметов және Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Нурсултан Баймаганбетов Семей қаласының «Радио 7» радиохабар тарату компаниясында семинар өткізді. Іс-шара барысында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен талаптары, аудиовизуалды туындыларды пайдалану құқығын алу бөлігінде, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды жүзеге асыруда мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың рөлі түсіндірілді. Іс-шара нәтижелері бойынша қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді

Абай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі