Қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға арналған үйге бару

Қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға арналған үйге бару

18 шілдеде Абай облысының Әділет департаменті өмірлік қиын жағдайға тап болған аналардың үйіне барып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Абай облысының Нотариаттық палатасының, Заң консультанттары палатасының, Өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасының өкілдері жас аналарға заң консультациясын өткізді. Бұл үйлер Семей қаласындағы аналар үйінің қызметтерін көрсету: уақытша орналастыру қызметтері, психо-әлеуметтік консультация беру, сүйемелдеу және қолдау, балаларды өз құқықтарын сақтай отырып, толыққанды балалық шақ құқығымен қамтамасыз ету арқылы өмірлік қиын жағдайдағы толық емес отбасыларда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін құрылады.
Кездесу барысында сот шешімдерінің орындалуы, жылжымайтын мүлік пен мұраны ресімдеу, алимент міндеттемелерін тіркеу және есептеу туралы сұрақтар белсенді қойылды. Барлығына қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша толық ақпарат берілді

Абай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі