14 ақпанда Абай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері "Абай Агро" Аграрлық несие корпорациясы ЖШС ұжымымен құқықтық түсіндіру кездесуін өткізді.
Мұндай серіктестіктердің қызметі ауылдық кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру, оларға кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау және өткізу бойынша инфрақұрылымды несиелеуге бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар шағын және орта бизнес өкілдеріне құқықтық қолдау көрсетудің, заңнаманы, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады. Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Ақсұңқар Махметов және Зияткерлік меншік бөлімінің бас маманы Нурсултан Баймаганбетов қатысушыларға қандай жағдайда жеке және заңды тұлғалар құқықтық қолдау сұрай алатынын айтты.