Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

«Абай облысының Әділет департаменті» РММ, 2022 жылдың 8 қыркүйекте сағ.10-00–де тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарлайды.

Аттестаттау 29.05.2020ж. №69 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар:  жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.

Үміткердің ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын білуі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

- Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйектері анықталғанда;

- «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңның 140-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша.

Құжаттар «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы электрондық құжат нысанындағы өтініш.

        Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

        Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе.

        Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күн ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

        Құжаттың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі- ЭЦҚ) куәландыратын электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

        Аттестаттау өткізу орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 6.

        Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мәселелері бойынша Абай облысының Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне: Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 26А мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Анықтамалар үшін телефон: 8(7232)523485, 87475812161, v.unispaeva@adilet.gov.kz.