
Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Rabbit» кинотеатрының өкілімен Бірыңғай цифрлық платформаға тіркелу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Аталған кездесу барысында кинотеатр өкіліне Бірыңғай цифрлық платформада тіркелу және жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша кинотеатр өкіліне Бірыңғай цифрлық платформада тіркелуден өту бойынша қажетті ұсынымдар берілді.