
2026 жылғы 19 маусымда Абай облысының нотариустарының жалпы жиналысы өтті.
Жаңа Конституция нормаларын түсіндіру және олардың құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызын талқылау мақсатында аталған іс-шараға Абай облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.С. Сарсенбаева қатысып, баяндама жасады.
Өз сөзінде Ж.С. Сарсенбаева Конституцияның негізгі жаңашылдықтарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктеріне, сондай-ақ нотариат қызметін жүзеге асыру барысында жаңа конституциялық қағидаттарды басшылыққа алудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында нотариустардың кәсіби қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты түсіндірмелер берілді.