Абай облысының Әділет департаменті ойлануға шақырады:  Егер бір күнге зияткерлік меншік жойылып кетсе не болады?

Абай облысының Әділет департаменті ойлануға шақырады:  Егер бір күнге зияткерлік меншік жойылып кетсе не болады?

Абай облысының Әділет департаменті ойлануға шақырады:
 Егер бір күнге зияткерлік меншік жойылып кетсе не болады?
Әндер, фильмдер, мобильді қосымшалар, тауарлардың танымал белгілері — бұлардың барлығы заңмен қорғалатын зияткерлік еңбектің нәтижесі.
Мұндай қорғау болмаған жағдайда, сапаға деген бағдарлар жойылады, тауарлар мен қызметтерге деген сенім төмендейді,
таңдау жасау қиындайды, ал даму баяулайды.
Зияткерлік меншік құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде,
инновацияларды қолдауда және еңбек нәтижелерін қорғауда  маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,
зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану
жауапкершілікке әкеп соғады.
Абай облысының Әділет департаменті заң талаптарын сақтауға
және зияткерлік қызмет нәтижелерін құрметтеуге шақырады.