
Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында «TAN» қыш және көркемөнер мектебінің оқушыларына семинар өткізілді .
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті ұйымдастырған «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың өткізілу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.
Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылып, жастар арасында зияткерлік меншік туралы білімді арттыру, контрафактілік өнімге теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеті жоғары жастарды қолдау мәселелері айтылды. Қатысушыларға конкурсқа қатысу талаптары, өткізу мерзімдері және өтінім беру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері, заңнамада көзделген жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, практикалық мысалдар келтірілді.
Семинар соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конкурсқа белсенді қатысуға шақырылды.