Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.

2026 ж. 17 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» «КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының № 2 Халыққа қызмет көрстеу бөлімінің ғимаратында Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету және алу тәртібі, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік баж салығын төлеу тәртібі туралы тақырыбында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Әділет департаментінің маманы ресми құжаттарға апостиль қою қабылдау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік баж салығын төлеу тәртібі туралы түсіндірілді.
Семинар барысында Е-апостиль мемлекеттік электрондық қызметін таңымал ету ұсынылды.
Сонымен қатар, нотариаттық құжаттарға апостиль қоюға өтінішті қабылдау және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
 Семинардың мақсаты: Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметін насихаттау, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен тәртібін сақтау.
Семинар қорытындысы бойынша үнемі түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.