Әділет департаментінің қызметкері Бородулиха және Жаңасемей аудандарының әкімдігінің қызметкерлеріне арналған жоспарлы семинар өткізілді

Әділет департаментінің қызметкері Бородулиха және Жаңасемей аудандарының әкімдігінің қызметкерлеріне арналған жоспарлы семинар өткізілді

2026 жылғы 11-12 ақпан күндері Абай облысының Әділет департаментінің қызметкері Бородулиха және Жаңасемей аудандарының әкімдігінің қызметкерлеріне арналған жоспарлы семинар өткізілді. Семинар аясында құқықтық кабинеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі, ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Әділет» порталының чат-ботын пайдалану механизмдері және «Заң көмегі» ақпараттық жүйесінің негізгі функциялары таныстырылды. Сонымен қатар мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде онлайн форматта тегін құқықтық кеңес алу жолдары түсіндірілді.