
Абай облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Конституцияның жаңа редакциясының негізгі жаңашылдықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту, сондай-ақ құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
🔹 Атап айтқанда, адвокатураның және заң көмегін көрсететін өзге де тұлғалардың құқықтық мәртебесінің Конституциялық деңгейде бекітілуі құқықтық көмек көрсету жүйесінің рөлін арттырып, азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізу кепілдіктерін күшейтетіні атап өтілді.
🔹 Іс-шараға нотариат палатасының, заң консультанттары палатасының және жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері қатысты.