
2026 жылдың 5 ақпанында Абай облысы Семей қаласында Асыл Мирас аутизм орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаларын ілгерту шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Аталған шараға Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, сонымен қатар, нотариус және жеке сот орындаушы қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.