
2026 жылдың 4 - 5 ақпан күндері Абай облысының Әділет департаментінің қызметкері Аягөз және Бесқарағай аудандарының әкімдігінің қызметкерлерімен кезекті семинар өткізді.
Семинар барысында құқықтық кабинеттің жұмыс тәртібі, ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуге арналған «Әділет» порталының чат-ботын пайдалану тетіктері, сондай-ақ «Заң көмегі» ақпараттық жүйесінің негізгі мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен қатар, онлайн форматта құқықтық кеңес алу және мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тегін адвокат пен заңгер қызметіне жүгіну жолдары түсіндірілді.