
2026 жылғы 4 ақпанда Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы аясында «ТВК-6» телеарнасының қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды құқықтық реттеу мәселелері, Бірыңғай цифрлық платформаға қосылу және онда жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ заңнамадағы соңғы өзгерістерді ескере отырып авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану кезінде контент пайдаланушыларының міндеттері қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардан түскен сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді