
28 қаңтарда 2026 ж. Абай облысы Әділет департаментінің ғимаратында Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету және алу тәртібі, электрондық үкімет портал арқылы Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметін алу, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу тақырыбында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Әділет департаментінің мамандары ресми құжаттарға апостиль қою қабылдау тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді. Семинар барысында Е-апостиль мемлекеттік электрондық қызметін таңымал ету ұсынылды.
Сонымен қатар, нотариаттық құжаттарға апостиль қоюға өтінішті қабылдау және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Сондай-ақ, қызметкерлер жұмыс барысында пайдалану үшін электрондық апостиль қолданылатын аумағында елдердің тізімімен қайта таңыстырылды.
Семинардың мақсаты: Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметін насихаттау, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен тәртібін сақтау.
Семинар қорытындысы бойынша үнемі түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.