
Абай облысының Әділет департаментінің қызметкерлері Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері үшін семинар өткізді.
🔸Іс-шара барысында құқық кабинеті жұмысының ұйымдастырылуы, «Заң көмегі» жүйесінің мүмкіндіктері, тараптар кабинеті, сондай-ақ ауылдық елді мекен тұрғындарына құқықтық көмек көрсету үшін Әділет порталының чат-ботын пайдалану жолдары түсіндірілді.
🔹Сонымен қатар онлайн құқықтық кеңес алу және мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тегін адвокат пен заңгер табу тәртібі туралы ақпарат берілді.