Абай облысы Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек азаматтарды қабылдау өткізді.
🔸Қабылдау барысында тұрғындардың құқықтық мәселелері тыңдалып, көтерілген сұрақтарға заңнама аясында нақты түсіндірмелер берілді. Әрбір өтініш жеке қаралып, бірқатар мәселе бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
🔹Мұндай қабылдаулар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықпен ашық диалог орнатуға бағытталған.