
4 желтоқсанда Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Махметов Ақсұңқар Советұлы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенттеріне дәріс өткізілді.
Аталған іс-шара аясында студенттерге шығармашылық субъектілерді құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер түсіндірілді.
Туындылардың ашық есебін қамтамасыз етуге, сыйақыны жинау мен бөлуді автоматтандыруға, автордың төлемдер туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға және теріс пайдалану мен ашық емес схемалар жағдайларын қысқартуға мүмкіндік беретін құқықтарды ұжымдық басқарудың бірыңғай цифрлық базасын енгізуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, цифрлық контентті қорғауға, интернетте және әлеуметтік желілерде музыкалық шығармаларды пайдалануға қатысты мәселелер қаралды.
Соңында студенттерге өздерінің зияткерлік құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар берілді.