
2025 ж. 30 қазанда «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» «КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Семей қаласы және Жаңасемей ауданы бойынша АХАТ бөлімдерінің ғимаратында Абай облысы Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Семей қаласының және Жаңасемей ауданының АХАТ бөлімдерінің қызметкерлеріне апостиль қоюға арналған құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша және 2002 жылы 07 қазанда Кишинев қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында апостиль қоюға арналған құжаттарды рәсімдеу тәртібі және Кишинев Конвенцияға сәйкес сұраныс хаттарын рәсімдеу мәселелері түсіндірілді.
Семинардың мақсаты: қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, сапаны арттыру, мерзімдерін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету саласында негізсіз бас тартуға жол бермеу.
Семинар қорытындысы бойынша тұрақты негізде түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.